Дефектолог (1 бірлік) бос орнына конкурс жариялайды.

Қызылорда қаласы,Қызылжарма а.о. 9 көше 32 ғимарат мекенжайында орналасқан «Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Сақтапберген Әлжіков атындағы №144 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Дефектолог (1 бірлік) бос орнына конкурс жариялайды.

Лауазымдық міндеттері:

      Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын орта білім беру ұйымының, оның ішінде арнаулы мектептердің (мектеп-интернаттардың) арнаулы педагогы үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес кемтар балалармен жеке, топтық және кіші топтық сабақтар (сабақтар) өткізеді;

      мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы педагогикалық тексеру жүргізеді және тәрбиеленушілердің ерекше білім алу қажеттіліктерін бағалауды жүзеге асырады;

      даму мүмкіндіктері шектеулі балалардың психофизикалық даму бұзылыстарын еңсеру үшін жеке оқу, Жеке-дамытушы, түзету-дамытушы бағдарламаларды әзірлейді және іске асырады және жеке (кіші топтық, топтық сабақтар)сабақтар өткізеді;

      мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетеді;

      білім беру ұйымдарында ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді жүзеге асырады;

      басқа педагогтермен және мамандармен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді, білім беруде инклюзивтілік қағидатын іске асыруға ықпал етеді;

      басқа педагогтармен және мамандармен тығыз байланыста мүмкіндігі шектеулі балаларды дамыту және әлеуметтендіру жөніндегі қызметті жүзеге асырады;

      тәрбиешілерге, адамдардың (балалардың) ата-аналарына және өзге де заңды өкілдеріне оқыту мен тәрбиелеудің арнайы әдістері мен тәсілдерін қолдану жөнінде консультация береді;

      жеке тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының және үлгілік оқу бағдарламаларының талаптарына сәйкес оқытудың алуан түрлі нысандарын, білім беру технологияларын, тәсілдерін, әдістері мен құралдарын пайдаланады;

      психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру және консультация беру бағдарламаларын (психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар), түзету-дамыту бағдарламаларын (психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері, оңалту орталықтары, аутизм орталықтары және басқа да орталықтар) іске асыратын арнайы білім беру ұйымдарының арнаулы педагогы Кемтар балаларға арнайы педагогикалық тексеру жүргізеді;

      ерекше білім беру қажеттіліктерін командалық бағалауды жүргізуге қатысады;

      психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінің, оңалту орталықтарының, аутизм орталықтарының арнайы педагогы білім беру ұйымының жоспары мен кестесі бойынша жеке, кіші топтық және топтық сабақтар өткізеді;

      жеке оқу, жеке-дамыту, түзету-дамыту бағдарламаларын әзірлейді және іске асырады және жеке (кіші топтық, топтық сабақтар)өткізеді;

      өзінің кәсіби құзыреттілігін арттырады;

      әдістемелік кеңестердің, әдістемелік бірлестіктердің, желілік қоғамдастықтардың отырыстарына қатысады;

      ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар тұлғаларға қоғамның толерантты қарым-қатынасын қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізеді;

      еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын сақтайды;

      тәрбие процесі кезеңінде балалардың өмірін, денсаулығын және құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді.

Білуге тиіс:

      Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Білім туралы«, «Педагог мәртебесі туралы«, «Кемтар балаларды әлеуметтік медициналық-педагогикалық және түзеу арқылы қолдау туралы«, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдары және Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілері;

      өмірлік қиын жағдайда қалған балаларға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтердің мемлекеттік стандарттары;

      арнайы педагогика;

      оқу-тәрбие процесін жобалау және ұйымдастыру негіздері;

      арнайы білім беру саласындағы жаңа жетістіктер;

      педагогикалық этиканың нормалары;

      еңбек заңнамасының негіздері, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар.

Біліктілікке қойылатын талаптар:

      жұмыс өтіліне талап қойылмай, «Арнайы білім» бағыты бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат;

      және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші үшін кемінде 4 жыл;

      және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде педагог-шебер үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілі – 5 жыл.

Кәсіби құзыреттілікті айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:

      1) «педагог»:

      балалардың дамуы мен жағдайын диагностикалау, дамуындағы ауытқуларды барынша түзетуге бағытталған психологиялық-педагогикалық қолдау әдістерін қолдануы керек;

      арнайы мектепке дейінгі білім беру саласында инновациялық педагогикалық және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, мотивациялық, диагностикалық, дамытушылық, коммуникативтік және әдістемелік қызметті жүзеге асыру;

      дефектологияның заманауи әдістерін қолдану;

      білім беру ұйымдарының әдістемелік бірлестіктерінің жұмысына қатысу;

      балалардың психологиялық-жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбие процесін жоспарлау және ұйымдастыру;

      балалардың жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал ету, білім беру ұйымы деңгейіндегі іс-шараларға қатысу, балалардың қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбиелеу мен оқытуда жеке тәсілді жүзеге асыру, кәсіби-педагогикалық диалог дағдыларын пайдалану, цифрлық білім беру ресурстарын қолдану;

      2) «педагог – модератор»:

      «педагог» біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:

      тәрбиеленушілердің дамуында ауытқуларды диагностикалау мен түзетудің заманауи әдістерін қолдану, білім беру ұйымы деңгейінде тәжірибені жинақтау;

      3) «педагог – сарапшы»:

      «педагог – модератор» біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:

      балалардың дамуындағы ауытқулардың алдын алу және түзету әдістері мен тәсілдерін қолдану;

      ата-аналармен немесе олардың орнындағы адамдармен ынтымақтастықты қамтамасыз ету;

      инновациялық педагогикалық тәжірибені зерттеу және енгізу;

      ұйымдастырылған оқу қызметін талдау дағдыларын пайдалану, тәлімгерлікті жүзеге асыру және білім беру ұйымы деңгейінде өзінің және әріптестерінің кәсіби даму басымдықтарын айқындау, аудан/қала деңгейінде тәжірибені жинақтау;

      4) «педагог-зерттеуші»:

      «педагог – сарапшы» біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:

      дефектология ғылымының соңғы жетістіктерін пайдалану;

      арнайы педагогика және психология;

      тәрбиеленушілердің қажеттіліктері мен психологиялық-физиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелерін сақтай отырып, оқытудың инновациялық технологияларын, әдістері мен тәсілдерін қолдану;

      қызмет бағыты бойынша басқа ұйымдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;

      облыс деңгейінде қызмет бағыты бойынша әдістемелік әзірлемелерінің болуы;

      сабақты зерттеу және бағалау құралдарын әзірлеу дағдыларын пайдалану, облыс/республикалық маңызы бар қалалар және астана деңгейінде тәжірибені жалпылауға тәлімгерлікті жүзеге асыру;

      психологиялық-педагогикалық басылымдарда жарияланымдары болуы;

      5) «педагог-шебер»:

      «педагог-зерттеуші» біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:

      арнайы педагогиканың жаңа жетістіктерін енгізу;

      педагогикалық зерттеудің әдіснамалық принциптерін басшылыққа ала отырып, өзінің кәсіби қызметінің рефлексиясын жүзеге асыру;

      кәсіби даму траекториясына сәйкес өзін-өзі оқыту дағдыларын меңгеру;

      авторлық бағдарламаның болуы немесе облыстық оқу-әдістемелік кеңесте және РОӘК-де мақұлдау алған, басып шығарылған бағдарламалардың, оқу-әдістемелік құралдардың авторы (тең авторы) болу;

      тәлімгерлікті жүзеге асыру және облыс деңгейінде әлеуметтік педагогтердің кәсіби қоғамдастығы желісін дамытуды жоспарлау, білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен республикалық және халықаралық кәсіби конкурстардың қатысушысы болу.

Лауазымдық жалақысы еңбек өтіліне қарай 180000 — 200000 теңге аралығы (экологиялық коэффициентті қоспағанда).

Конкурсқа қатысу үшін тапсырылатын құжаттар:

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:

1) осы Қағидалардың 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекен жайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификаты немесе педагог-модератордың немесе педагог-сарапшының немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса) немесе CELTA (Certificatein English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе айелтс IELTS (IELTS) – 6,5балл; немесе тойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) сертификаты — 60-65 балл;

11) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.

12) 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.

13) тәжірибесі жоқ кандидаттың бейне презентациясы (өзін-өзі таныстыру) ұзақтығы кемінде 10 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 7 (жеті) жұмыс күн ішінде (2024 жылғы 11 желтоқсан сағ. 18.00-ге дейін) «Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Сақтапберген Әлжіков атындағы №144 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде электрондық немесе қағаз түрінде қабылданады.

Конкурс 2024 жылғы 19 желтоқсан күні «Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Сақтапберген Әлжіков атындағы №144 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде өткізіледі

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын лауазымдық міндеттері мен біліктілік талаптары туралы қосымша анықтаманы «Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Сақтапберген Әлжіков атындағы №144 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен алуға болады. 

Тел. 8 (7242) 29-03-69, mektep.144@mail.ru

 Мемлекеттік білім беру
ұйымдарының бірінші
басшылары мен педагогтерін
лауазымдарға тағайындау,
лауазымдардан босату
қағидаларына
10-қосымша
 Нысан
 ____________________________
Конкурс жариялаған
мемлекеттік орган

       _______________________________________________________________

       (үміткердің Т.А.Ә. (бар болса)), ЖСН

       _______________________________________________________________

       (лауазымы, жұмыс орны)

       _______________________________________________________________

       _______________________________________________________________

      Нақты тұрғылықты жері, тіркелген мекен-жайы, байланыс телефоны

Өтініш

       Мені бос/уақытша бос лауазымдық конкурсқа қатысуға рұқсат беруіңізді сұраймын

       (қажетінің астын сызыңыз)

       _______________________________________________________________

      білім беру ұйымының атауы, мекен-жайы (облыс, аудан, қала\ауыл)

       Қазіргі уақытта жұмыс істеймін

       _______________________________________________________________

      білім беру ұйымының атауы, мекен-жайы (облыс, аудан, қала\ауыл)

      Өзім туралы келесіні хабарлаймын:

      Білімі: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейін

Оқу орнының атауыОқыту кезеңіДиплом бойынша мамандық
      

      Біліктілік санатының болуы (беру (растау) күні):

      _____________________________________________________________

      Педагогикалық жұмыс өтілі: ____________________________________

      Келесі жұмыс нәтижелері бар:___________________________________

      Наградалары, атақтары, дәрежесі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, сондай-ақ қосымша мәліметтер (бар болса)

      ____________________________________________________________

 Мемлекеттік білім беру
ұйымдарының бірінші
басшылары мен педагогтерін
лауазымға тағайындау,
лауазымнан босату
Қағидаларына
11-қосымша
 Нысан

 Бос немесе уақытша бос педагог лауазымына үміткердің бағалау парағы  ___________________________________________________  (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

ӨлшемшарттарРастайтын құжатБалл сандары(1-ден 20-ға дейін)
1.Білім деңгейіБілімі туралы дипломның және дипломға қосымшаның көшірмелеріТехникалық және кәсіби = 1 баллЖоғары күндізгі = 2 баллЖоғары күндізгі үздік= 3 баллМагистр = 5 баллЖоғары сыртқы/қашықтан = минус 2 балл
2. Ғылыми/академиялық дәрежесіБілімі туралы дипломның және дипломға қосымшаның көшірмелеріPHD-доктор = 10 баллҒылыми доктор = 10 баллҒылыми кандидат = 10 балл
3. Жұмыс өтілі жоқ үміткерлер үшін сертификаттауСертификат«Педагог» Біліктілік санаты — 5 балл
4. Біліктілік санатыЖеке куәлік, басқа құжатЕкінші санат = 1 баллБірінші санат = 2 баллЖоғары санат = 3 баллПедагог-модератор = 3 баллПедагог-сарапшы = 5 баллПедагог-зерттеуші = 7 баллПедагог-шебер = 10 балл
5. Әкімшілік және әдістемелік қызметтегі жұмыс тәжірибесіЕңбек кітапшасы/еңбек қызметін растайтын басқа да құжатӘдіскер (лауазымдық жұмыс өтілі кемінде 2 жыл) = 1 баллДиректордың орынбасары (лауазымдық жұмыс өтілі кемінде 2 жыл) = 3 баллдиректор (лауазымдық жұмыс өтілі кемінде 2 жыл) = 5 балл
6.Алғаш рет жұмысқа тұрған педагогтер үшінБілімі туралы дипломның қосымшасыПедагогикалық/ кәсіби тәжірибенің нәтижелері «өте жақсы» = 1 балл»жақсы» = 0,5 балл
7. Бұрынғы жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша) немесе оқу орнынан ұсыныс хатҰсыныс хат (Конкурсты өз бетінше жариялаған білім беру ұйымы соңғы жұмыс/оқу орны бойынша ұйымға/оқу мекемесіне өтініш жасайды)Оң ұсыныс хатының болуы = 3 баллТеріс ұсыныс хатының болуы = минус 3 балл
8. Кәсіби жетістіктерінің көрсеткіштері— дипломдар, білім алушылардың олимпиадалар және конкурстар, ғылыми жобалар бойынша жеңімпаздардың грамоталары;- дипломдар, мұғалімнің олимпиадалар және конкурстар жеңімпаздарының грамоталары;- мемлекеттік награда 1) олимпиадалар және конкурстар жеңімпаздары = 0,5 баллғылыми жобалардың = 1 балл2) олимпиадалар және конкурстар жеңімпаздары — 3 балл «Үздік педагог» конкурсына қатысушы = 1 балл»Үздік педагог» конкурсының жеңімпазы = 5 балл»Қазақстан еңбек сіңірген ұстазы» медаль иегері = 10 балл
9.Әдістемелік қызметі-авторлық шығармалары, басылымдарыҚР БҒМ тізбесіне енген оқулықтар мен (немесе) ОӘК авторы немесе бірлескен авторы = 5 баллРОӘК тізбесіне енген оқулықтар мен (немесе) ОӘК авторы немесе бірлескен авторы = 2 баллБҒССҚЕК, Scopus тізбесіне енгізілген ғылыми-зерттеу қызметі бойынша жарияланымның болуы — 3 балл
10. Қоғамдық-педагогикалық қызметі Қоғамдық-педагогикалық қызметін растайтын құжаттәлімгер = 0,5 баллӘБ басшылығы = 2 баллЕкі тілде сабақ беру, орыс/қазақ = 2 баллшетел/орыс немесе шетел/қазақ = 3 балл,үш тілде сабақ беру (қазақ, орыс, шетел) = 5 балл
11.Курсқа дайындық— пәндік дайындық сертификаттары; — цифрлық сауаттылық, КАЗТЕСТ, IELTS; TOEFL;DELF сертификаттары;Goethe Zertifikat, «Python тілінде бағдарламалау негіздері» программалары бойынша оқыту, «Microsoft»Курсера жұмыстарына оқытуХалықаралық курстар: TEFL Cambridge»CELTA(Certificate in Teaching English to Speakers of Other Languages)»CELT-P (Certificate in English Language Teaching – Primary)DELTA (Diploma in Teaching English to Speakers of Other Languages)CELT-S (Certificate in English Language Teaching – Secondary)»TKTTeaching Knowledge Test»Certificate in EMI Skills (English as a Medium of Instruction)Teacher of English to Speakers of Other Languages (TESOL)»TESOL»Certificate in teaching English for young learnersInternational House Certificate in Teaching English as a Foreign Language (IHC)IHCYLT — International House Certificate In Teaching Young Learners and TeenagersBecoming a Better Teacher: Exploring Professional DevelopmentAssessment for Learning: Formative Assessment in Science and Maths TeachingOnline Teaching for Educators: Development and DeliveryEducational ManagementKey Ideas in Mentoring Mathematics TeachersКурсы на платформе Coursera, Futute learnTeaching Mathematics with TechnologySpecial Educational Needs»Developing expertise in teaching chemistry «ПШО, НЗМ, «Өрлеу» курстары= 0,5 баллҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 95 бұйрығына сәйкес тізбеге енгізілген біліктілікті арттыру ұйымдары іске асыратын білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісілген бағдарламалар бойынша біліктілікті арттыру курстары (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30068 болып тіркелген)= 0,5 балл (әрқайсысы бойынша жеке)
12.Мемлекеттік білім беру гранты бойынша білім алған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының түлегі, «Дипломмен ауылға!», «Серпін» мемлекеттік бағдарламаларының қатысушысы, Жұмыспен қамту орталығы жастар тәжірибесі бойынша жіберілген педагогМемлекеттік білім беру гранты иегерінің сертификаты, келісім-шарты3 балл қосылады
Барлығы: