«Математика пәні мұғалімі»бос орнына (1 бірлік) конкурс жариялайды

Қызылорда қаласы,Қызылжарма а.о. 9 көше 32 ғимарат мекенжайында орналасқан «Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Сақтапберген Әлжіков атындағы №144 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Математика пәні мұғалімі (1 бірлік) бос орнына конкурс жариялайды.

Математика пәні мұғалімі бойынша

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Математика пәні бойынша арнаулы орта, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білімі болуы тиіс. Жұмыс өтіліне талап қойылмайды.

Лауазымдық міндеттері:

Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады;

Білім алушы мен тәрбиеленуші тұлғасының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал етеді, білім алушылардың жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға жәрдемдеседі;

Білім алушыда педагогқа құрметпен қарауға тәрбиелейді, педагогтың аты мен әкесінің аты бойынша сыпайы қарым-қатынас немесе «учитель/мұғалім» тікелей қарым-қатынас арқылы қарым-қатынастың іскерлік стилі мен сөйлеу этикетін сақтауға үйретеді;

Білім алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын қолданады;

Пәндер бойынша қысқа мерзімді және орта мерзімді (күнтізбелік-тақырыптық) жоспарлар, бөлім үшін жиынтық бағалау және тоқсан үшін жиынтық бағалау үшін тапсырмаларжасайды;

Бөлім бойынша жиынтық бағалауды және тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу қорытындысы бойынша талдау жүргізеді;

Журналдарды (қағаз немесе электрондық) толтырады;

Оқу үрдісінде заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданады;

Оқу процесінде қарапайым бағдарламалық қамтамасыз етуді және ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қосымшаларын пайдаланады;

Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес тұлғалық, Жүйелік-қызметтік, пәндік нәтижелерге қол жеткізуін қамтамасыз етеді;

Оқу бағдарламаларын, оның ішінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушыларға арналған бағдарламаларды әзірлеуге және орындауға қатысады, оқу жоспарына және оқу процесінің кестесіне сәйкес олардың толық көлемде іске асырылуын қамтамасыз етеді;

Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін, қызығушылықтарын және бейімділіктерін зерделейді;

Инклюзивті білім беру үшін жағдай жасайды;

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушының жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқу бағдарламаларын бейімдейді;

Арнайы білім беру ұйымдарында оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, дамудағы ауытқуларды барынша еңсеруге бағытталған білім алушыларды, тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу бойынша жұмысты жүзеге асырады;

Интерактивті оқу материалдарымен цифрлық білім беру ресурстарын пайдалана отырып, қашықтықтан оқыту режимінде сабақтар ұйымдастырады;

Әдістемелік бірлестіктердің, мұғалімдер қауымдастығының, әдістемелік, педагогикалық кеңестердің, желілік қоғамдастықтардың отырыстарына қатысады;

Ата-аналарға арналған педагогикалық консилиумдарға қатысады;

Ата-аналарға кеңес береді;

Кәсіби құзыреттілікті арттырады;

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын сақтайды;

Білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;

Ата-аналармен немесе олардың орнындағы адамдармен ынтымақтастықты жүзеге асырады;

Тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен құжаттарды толтырады;

Білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, Академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.

Білуге міндетті:

Қазақстан Республикасының Конституциясы,

Қазақстан Республикасының «Білім туралы«,

«Педагог  мәртебесі туралы«,

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы«,

«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы«,

«Кемтар балаларды әлеуметтік медициналық-педагогикалық және түзеу арқылы қолдау туралы» заңдары, білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер;

Оқу пәнінің мазмұны, оқу-тәрбие процесі, оқыту және бағалау әдістемесі;

Педагогика мен психология;

Пәнді оқыту әдістемесі, тәрбие жұмысы, оқыту құралдары және олардың дидактикалық мүмкіндіктері;

Педагогикалық этиканың нормалары;

Медиация техникасы және қақтығыстарды шешу мүмкіндігі;

Оқу кабинеттері мен қосалқы үй-жайларды жабдықтауға қойылатын талаптар;

Құқық негіздері және еңбекті, экономиканы ғылыми ұйымдастыру;

Еңбек заңнамасының негіздері, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар.

Лауазымдық жалақысы еңбек өтіліне қарай 250000 — 300000 теңге аралығы (экологиялық коэффициентті қоспағанда).

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде мынадай құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:

      1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

      2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

      3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

      4) Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

      5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

      6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу( тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

      7) психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

      8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

      9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

      10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератор немесе педагог-сарапшы немесе педагог-зерттеуші немесе педагог-шебер біліктілік санатының болуы туралы куәлікті (бар болса) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS — айелтс) – 6,5 балл; немесе тойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) – 60-65 балл көрсеткіші бар сертификат;

      11) осы Қағидаларға 12, 13-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;

      12) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 7 (жеті) жұмыс күн ішінде (2025 жылғы 21 тамыз сағ. 18.00-ге дейін) «Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Сақтапберген Әлжіков атындағы №144 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде электрондық немесе қағаз түрінде қабылданады.

Конкурс отырысы 2025 жылғы 28 тамыз күні сағ. 12:00-де «Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Сақтапберген Әлжіков атындағы №144 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде өткізіледі.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын лауазымдық міндеттері мен біліктілік талаптары туралы қосымша анықтаманы «Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Сақтапберген Әлжіков атындағы №144 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен алуға болады. 

Тел. 8 (7242) 29-03-69, mektep.144@mail.ru

Мемлекеттік білім беру
ұйымдарының бірінші
басшылары мен педагогтерін
лауазымға тағайындау,
лауазымнан босату
қағидаларына
3-қосымша
 
Нысан 
___________________________
конкурс жариялаған
мемлекеттік орган
/ Кандидаттың тегі, аты,
әкесінің аты (бар болса)
(бұдан әрі -Т. А. Ә.),
жеке сәйкестендіру нөмірі
(бұдан әрі –ЖСН), лауазымы,
жұмыс орны,
Нақты тұрғылықты
жері, тіркелген мекенжайы,
байланыс телефоны
 

Өтініш

      Мені ________________________________________________________________

      (білім беру ұйымдарының атауы, мекенжайы (облыс, аудан, қала\ ауыл)

      __________________________________________________________________

      бос/уақытша бос лауазымына орналасуға арналған конкурсқа жіберуіңізді сұраймын.

      Қазіргі кезде_________________________________________________________

      (лауазымы, ұйымның атауы, мекенжайы (облыс, аудан, қала \ ауыл) жұмыс істеймін.

      Өзім туралы келесі мәліметтерді хабарлаймын: Білімі: жоғары немесе жоғары оқу

      орнынан кейінгі, техникалық және кәсіптік

Оқу орнының атауыОқу кезеңіДиплом бойынша мамандығы
  Жүктеу

      Біліктілік санатының болуы (болған жағдайда берілген (расталған) күні):

      __________________________________________________________________

      Жұмыс өтілі:

ЖалпыПедагогикалықМемлекеттік қызмет өтіліМамандығы бойынша (кәсіпкерлік субъектілерінің мамандары үшін)Осы білім беру ұйымында, оның ішінде атқаратын лауазымында
  Жүктеу

      Мынадай жұмыс нәтижелерім бар: ______________________________________

      Марапаттары, атақтары, дәрежесі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, сондай-ақ қосымша мәліметтер (бар болса) ________________________________________

      «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 1-тармағына сәйкес менің дербес деректерімді дербес деректерді өңдеу мақсаттарына сәйкес келетін кез келген заңды тәсілдермен (фото, видео, оның ішінде автоматтандыру құралдарын пайдалана отырып немесе мұндай құралдарды пайдаланбай дербес деректердің ақпараттық жүйелерінде пайдалану үшін) өңдеуге келісім беремін.

      Мен келісемін ___________________________________________________

      (Т.А.Ә. (бар болса)) (қолы)

      «____»______________20___жыл __________ /қолы/

 Бос немесе уақытша бос педагог лауазымына үміткердің бағалау

Мемлекеттік білім беру
ұйымдарының бірінші
басшылары мен педагогтерін
лауазымға тағайындау,
лауазымнан босату
қағидаларына
12-қосымша
 
Нысан

Педагог бос немесе уақытша бос лауазымына өтілі бар кандидаттың бағалау парағы __________________________________________________________________ (Т.А.Ә. (бар болса))

ӨлшемшарттарРастайтын құжатБалл сандары
(1-ден 30-ға дейін)
1.Білім деңгейіБілімі туралы дипломның және дипломға қосымшаның көшірмелеріТехникалық және кәсіптік — 1 балл
Жоғары — 2 балл
Жоғары үздік — 3 балл
2.Ғылыми атағы/ ғылыми дәрежесі/ дәрежесіБілімі туралы дипломның және дипломға қосымшаның көшірмелері/ ғылыми атағын/ ғылыми дәрежесін/дәрежесін беру туралы аттестатPhD докторы — 15 балл
Ғылым докторы, Ғылым кандидаты, профиль бойынша докторы — 10 балл
Педагогикалық бағыты бойынша магистрі — 5 балл
3.Біліктілік санатыКуәлік, басқа құжатПедагог- 2 балл
Педагог-модератор — 3 балл
Педагог-сарапшы — 5 балл
Педагог-зерттеуші — 7 балл
Педагог-шебер — 10 балл
Басшының үшінші біліктілік санатындағы орынбасары — 5 балл
Басшының екінші біліктілік санатындағы орынбасары — 6 балл
Басшының бірінші біліктілік санатындағы орынбасары — 7 балл
4.Әкімшілік және әдістемелік қызметтегі жұмыс тәжірибесіЕңбек кітапшасы/еңбек қызметін алмастыратын басқа да құжатӘдіскер, лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл- 2 балл
Әдіскер, лауазымдағы жұмыс өтілі төрт жылдан көп — 3 балл
Директордың орынбасары, лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл- 3 балл
Директордың орынбасары, лауазымдағы жұмыс өтілі төрт жылдан көп — 4 балл
Директор, лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл — 4 балл
Директор, лауазымдағы жұмыс өтілі 4 жылдан көп — 5 балл
5.Бұрынғы жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша) ұсыным хатҰсыным хат (педагог лауазымы бойынша соңғы жұмыс орнынан)Оң ұсыным хаттың болуы — 3 балл
6.*Соңғы 3 жылдағы кәсіби жетістіктерінің көрсеткіштері— олимпиадалар мен конкурстар жеңімпаздарының дипломдары, грамоталары, білім алушылардың ғылыми жобалары;
— олимпиадалар мен байқаулар жеңімпаздарының дипломдары, грамоталары
1) қалалық/аудандық олимпиадалар мен конкурстардың жеңімпаздары — 0,5 балл
облыстық — 1 балл, республикалық — 2 балл, халықаралық — 3 балл;
2) ғылыми жобалар: қалалық/аудандық — 0,5 балл,
облыстық — 1 балл, республикалық — 2 балл, халықаралық — 3 балл;
3) «Үздік педагог» конкурсына қатысушы — 1 балл;
4) «Үздік педагог» конкурсының жеңімпазы — 5 балл.
7.Қоғамдық-педагогикалық қызметіҚоғамдық-педагогикалық қызметін растайтын құжат (бұрыңғы жұмыс)Тәлімгер — 0,5 балл;
Әдістемелік бірлестігінің басшысы — 2 балл;
8**.Курсқа дайындық— пәндік даярлық сертификаттары;
— цифрлық сауаттылық сертификаты,
ҚАЗТЕСТ немесе QAZAQ RESMI TEST;
IELTS;
TOEFL;
DELF сертификаттары;
Goethe Zertifikat, «Python тілінде бағдарламалау негіздері» бағдарламалары бойынша оқыту, «Microsoft»
Курсера жұмыстарына оқыту
Халықаралық курстар:
TEFL Cambridge
«CELTA
(Certificate in Teaching English to Speakers of Other Languages)»
CELT-P (Certificate in English Language Teaching – Primary)
DELTA (Diploma in Teaching English to Speakers of Other Languages)
CELT-S (Certificate in English Language Teaching – Secondary)
«TKT
Teaching Knowledge Test»
Certificate in EMI Skills (English as a Medium of Instruction)
Teacher of English to Speakers of Other Languages (TESOL)
«TESOL»
Certificate in teaching English for young learners
International House Certificate in Teaching English as a Foreign Language (IHC)
IHCYLT — International House Certificate In Teaching Young Learners and Teenagers
Becoming a Better Teacher: Exploring Professional Development
Assessment for Learning: Formative Assessment in Science and Maths Teaching
Online Teaching for Educators: Development and Delivery
Educational Management
Key Ideas in Mentoring Mathematics Teachers
Курсы на платформе Coursera, Futute learn
Teaching Mathematics with Technology
Special Educational Needs
«Developing expertise in teaching chemistry»
біліктілікті арттыру ұйымдары іске асыратын білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісілген бағдарламалар бойынша біліктілікті арттыру курстары — 0,5 балл (әрқайсысы бойынша жеке)
Барлығы:

      * 6-тармақта жеңімпаздар санына қарамастан, соңғы 3 (үш) жылдағы олимпиадалар мен конкурстардың әрбір деңгейі (қалалық/аудандық) бойынша 0,5 балл ескеріледі, облыстық олимпиадалар мен конкурстардың жүлдегерлері — 1 балл, республикалық — 2 балл, халықаралық — 3 балл;

      ғылыми жобалар: қалалық/аудандық — 1 балл, облыстық — 1 балл, республикалық -2 балл, халықаралық – тиісінше 3 балл;

      республикалық олимпиадалар мен конкурстардың жүлдегерлері — 3 балл.

      ** 8-тармақта соңғы 3 (үш) жылдағы біліктілікті арттыру ұйымдары іске асыратын білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісілген бағдарламалар бойынша біліктілікті арттыру курстары — 0,5 балл (әрқайсысы бойынша жеке).

 Мемлекеттік білім беру
ұйымдарының бірінші
басшылары мен педагогтерін
лауазымдарға тағайындау,
лауазымдардан босату
қағидаларына
13-қосымша
 
 Нысан

Педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына өтілі жоқ кандидаттың бағалау парағы _______________________________________________________________________ Т.А.Ә. (бар болса)

Өлшем шарттарРастайтын құжатБалл сандары
1.Білім деңгейіБілімі туралы дипломның және дипломға қосымшаның көшірмелеріТехникалық және кәсіптік — 1 балл
Техникалық және кәсіптік үздік — 2 балл
Жоғары — 3 балл
Жоғары үздік -4 балл
2.Ғылыми атағы/ ғылыми дәрежесі/ дәрежесіБілімі туралы дипломның және дипломға қосымшаның көшірмелері/ ғылыми атағын/ ғылыми дәрежесін/дәрежесін беру туралы аттестатPhD докторы — 15 балл
Ғылым докторы, ғылым кандидаты, профиль бойынша докторы — 10 балл
Педагогикалық бағыты бойынша магистрі — 5 балл
3.Сертификаттаудан өту нәтижелеріСертификат50 % — 2 балл
60-80 % — 4 балл
80-100% – 6 балл
4.Педагогикалық/ кәсіби практика нәтижелеріБілімі туралы дипломға қосымша«3» – 2 балл
«4» – 3 балл
«5» – 4 балл
5.Оқу орнынан ұсыным хатҰсыным хатОң ұсыным хаттың болуы — 3 балл
6.Волонтерлік жұмысқа қатысуҚатысу құжаты1 балл
7.Педагогикалық қызмет туралы жарияланымы бар интернет бетін, әлеуметтік желіде парақшаларын жүргізу (авторлық ғылыми жобалар, сабақтар, семинарлар)Сілтемелер1 жылға дейін -1 балл
1 жылдан 3 жылға дейін -2 балл
3 жылдан жоғары -3 балл
8.Жазғы лагерьлердің жұмысына қатысуҚатысу құжаты2 балл
9.Оқу орындары бойынша конкурстарға қатысу (ғылыми жобалар, шығармашылык және т.б.)Қатысу құжатыӘрбір қатысқаны үшін 1 балл, бірақ 4 балдан аспайды
10.ҚАЗТЕСТ немесе QAZAQ RESMI TEST; IELTS; TOEFL; DELF; Goethe Zertifikat сертификаттары, «Python бағдарламаның негіздері», «Microsoft-та жұмыс істеуге үйрету» бағдарламалары бойынша оқыту
Курсера
Халықаралық курстар:
TEFL Cambridge «CELTA (Certificate in Teaching English to Speakers of Other Languages)»
CELT-P (Certificate in English Language Teaching – Primary)
DELTA (Diploma in Teaching English to Speakers of Other Languages)
CELT-S (Certificate in English Language Teaching – Secondary)
TKT»Teaching Knowledge Test
Certificate in EMI Skills (English as a Medium of Instruction)» Teacher of English to Speakers of Other Languages (TESOL)
«TESOL»
Сертификат1 балл (әрқайсына бөлек)
Барлығы: