Қызылорда қаласы,Қызылжарма а.о. 9 көше 32 ғимарат мекенжайында орналасқан «Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Сақтапберген Әлжіков атындағы №144 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары (2 бірлік) бос орнына конкурс жариялайды.
Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының лауазымдық міндеттері:
- тәрбие процесін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
- тәрбие жұмысын ағымдағы және перспективалық жоспарлауды ұйымдастырады;
- аға тәлімгерлердің, ұзартылған күн топтары тәрбиешілерінің, сынып жетекшілерінің, педагог-психологтардың, әлеуметтік педагогтардың және қосымша білім беру педагогтерінің қызметін жоспарлауды және бақылауды жүзеге асырады;
- тәрбие жұмысы, мәдени-тәрбие іс-шараларын дайындау және өткізу бойынша құжаттаманы әзірлеуді қамтамасыз етеді;
- тәрбие процесінің мазмұны мен өткізілу сапасына жүйелі бақылауды жүзеге асырады;
- педагогтарды іріктеуге қатысады, кәсіби даму, педагогтердің біліктілігін және кәсіби құзыреттілігін арттыру бойынша жұмысты ұйымдастырады;
- тәрбие процесін қамтамасыз ететін білім беру ұйымдары әкімшілігінің, әлеуметтік – психологиялық қызметтері мен бөлімшелерінің жұртшылық және құқық қорғау органдарының өкілдерімен, ата-аналар қоғамдастығының, қамқоршылық кеңестің өкілдерімен өзара іс-қимылын үйлестіреді;
- білім беру процесінің барлық қатысушыларының толерантты мінез-құлық мәдениетін қамтамасыз етеді;
- психологиялық қызметтің жұмысын және білім алушылар мен тәрбиеленушілерді, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу процесін үйлестіреді;
- мектеп-ата-ана қатынастарының жаңа нысандарын, мектеп пен отбасының толық өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді;
- білім алушыларға медициналық қызмет көрсету жағдайын бақылауды жүзеге асырады;
- тәрбие іс-шараларын өткізу кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданады;
- киберкультураны (компьютерлік технологиялар мүмкіндіктерін пайдаланады) және кибергигиенаны дамытады (интернет желісінде жұмыс істеу дағдылары мен білімі бар);
- білім алушылардың, педагогтердің конкурстарға, слеттерге, конференцияларға қатысуын қамтамасыз етеді;
- кәсіптік бағыт беру жұмыстарын жүргізеді;
- есептік құжаттаманың сапалы және уақтылы тапсырылуын қамтамасыз етеді;
- ата-аналар үшін педагогикалық консилиумдар ұйымдастырады және өткізеді;;
- мектеп парламентінің, дебат қозғалысының, оқушылардың өзін-өзі басқаруының, «Жас қыран», «Жас ұлан» балалар ұйымдарының жұмыстарын ұйымдастырады;
- «Қоғамға қызмет ету», «Отанға тағзым», «Үлкендерге құрмет», «Анаға құрмет» қоғамдық-пайдалы жұмыстарын ұйымдастырады.;
- адамгершілік-рухани білім беруді қамтамасыз етуде «өзін-өзі тану» пәнінің педагогымен өзара іс-қимыл жасайды;
- білім беру ұйымдары түлектерінің қауымдастығын құру және қызметін қамтамасыз ету бойынша жұмысты үйлестіреді;
- педагогикалық еңбек ардагерлерімен өзара іс-қимыл жасайды;
- білім беру ұйымы мұражайының жұмысын ұйымдастырады;
- туристік жорықтар мен экскурсиялар ұйымдастырады;
- білім алушылардың бойында патриоттық тәрбие, іскерлік қарым-қатынас дағдыларын, тамақтану мәдениетін қалыптастыруды қамтамасыз етеді;
- білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтар және басқа да қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, Академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.
Білуге міндетті:
- Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Білім туралы«, «Педагог мәртебесі туралы«, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер;
- педагогика және психология негіздері;
- мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері;
- педагогикалық этиканың нормалары;
- экономика, қаржы-шаруашылық қызмет негіздері;
- еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар.
Лауазымдық жалақысы еңбек өтіліне қарай 280000 — 300000 теңге аралығы (экологиялық коэффициентті қоспағанда).
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
1) осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы №ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша шекті деңгейі кемінде 90% сертификаттау нәтижелері туралы сертификаты немесе педагог-модератордың немесе педагог-сарапшының, немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса) немесе Celta сертификаты (CertificateinEnglishLanguageTeachingtoAdults. Cambridge) passa; Delta (DiplomainEnglishLanguageTeachingtoAdults) Passandabove немесе IELTS (IELTS) – 6,5 балл; немесе TOEFL (TOEFL) (интернетке негізделген тест (IWT)) — 60-65 балл; болу керек.
11) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.
12) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
13) тәжірибе жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы кемінде 15 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 7 (жеті) жұмыс күн ішінде (2024 жылғы 11 желтоқсан сағ. 18.00-ге дейін) «Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Сақтапберген Әлжіков атындағы №144 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде электрондық немесе қағаз түрінде қабылданады.
Конкурс 2024 жылғы 19 желтоқсан күні «Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Сақтапберген Әлжіков атындағы №144 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде өткізіледі
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын лауазымдық міндеттері мен біліктілік талаптары туралы қосымша анықтаманы «Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Сақтапберген Әлжіков атындағы №144 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен алуға болады.
Тел. 8 (7242) 29-03-69, mektep.144@mail.ru
Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымдарға тағайындау, лауазымдардан босату қағидаларына 15-қосымша | |
Нысан | |
____________________________ Конкурс жариялаған мемлекеттік орган |
_______________________________________________________________
(үміткердің Т.А.Ә. (бар болса)), ЖСН
_______________________________________________________________
(лауазымы, жұмыс орны)
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
Нақты тұрғылықты жері, тіркелген мекен-жайы, байланыс телефоны
Өтініш
Мені бос/уақытша бос лауазымдық конкурсқа қатысуға рұқсат беруіңізді сұраймын
(қажетінің астын сызыңыз)
_______________________________________________________________
білім беру ұйымының атауы, мекен-жайы (облыс, аудан, қала\ауыл)
Қазіргі уақытта жұмыс істеймін
_______________________________________________________________
білім беру ұйымының атауы, мекен-жайы (облыс, аудан, қала\ауыл)
Өзім туралы келесіні хабарлаймын:
Білімі: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейін
Оқу орнының атауы | Оқыту кезеңі | Диплом бойынша мамандық |
Біліктілік санатының болуы (беру (растау) күні):
_____________________________________________________________
Педагогикалық жұмыс өтілі: ____________________________________
Келесі жұмыс нәтижелері бар:___________________________________
Наградалары, атақтары, дәрежесі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, сондай-ақ қосымша мәліметтер (бар болса)
____________________________________________________________
Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату Қағидаларына 16-қосымша | |
Нысан |
Бос немесе уақытша бос педагог лауазымына үміткердің бағалау парағы
___________________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
№ | Өлшемшарттар | Растайтын құжат | Балл сандары(1-ден 20-ға дейін) |
1. | Білім деңгейі | Білімі туралы дипломның және дипломға қосымшаның көшірмелері | Техникалық және кәсіби = 1 баллЖоғары күндізгі = 2 баллЖоғары күндізгі үздік= 3 баллМагистр = 5 баллЖоғары сыртқы/қашықтан = минус 2 балл |
2. | Ғылыми/академиялық дәрежесі | Білімі туралы дипломның және дипломға қосымшаның көшірмелері | PHD-доктор = 10 баллҒылыми доктор = 10 баллҒылыми кандидат = 10 балл |
3. | Жұмыс өтілі жоқ үміткерлер үшін сертификаттау | Сертификат | «Педагог» Біліктілік санаты — 5 балл |
4. | Біліктілік санаты | Жеке куәлік, басқа құжат | Екінші санат = 1 баллБірінші санат = 2 баллЖоғары санат = 3 баллПедагог-модератор = 3 баллПедагог-сарапшы = 5 баллПедагог-зерттеуші = 7 баллПедагог-шебер = 10 балл |
5. | Әкімшілік және әдістемелік қызметтегі жұмыс тәжірибесі | Еңбек кітапшасы/еңбек қызметін растайтын басқа да құжат | Әдіскер (лауазымдық жұмыс өтілі кемінде 2 жыл) = 1 баллДиректордың орынбасары (лауазымдық жұмыс өтілі кемінде 2 жыл) = 3 баллдиректор (лауазымдық жұмыс өтілі кемінде 2 жыл) = 5 балл |
6. | Алғаш рет жұмысқа тұрған педагогтер үшін | Білімі туралы дипломның қосымшасы | Педагогикалық/ кәсіби тәжірибенің нәтижелері «өте жақсы» = 1 балл»жақсы» = 0,5 балл |
7. | Бұрынғы жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша) немесе оқу орнынан ұсыныс хат | Ұсыныс хат (Конкурсты өз бетінше жариялаған білім беру ұйымы соңғы жұмыс/оқу орны бойынша ұйымға/оқу мекемесіне өтініш жасайды) | Оң ұсыныс хатының болуы = 3 баллТеріс ұсыныс хатының болуы = минус 3 балл |
8. | Кәсіби жетістіктерінің көрсеткіштері | — дипломдар, білім алушылардың олимпиадалар және конкурстар, ғылыми жобалар бойынша жеңімпаздардың грамоталары;- дипломдар, мұғалімнің олимпиадалар және конкурстар жеңімпаздарының грамоталары;- мемлекеттік награда | 1) олимпиадалар және конкурстар жеңімпаздары = 0,5 баллғылыми жобалардың = 1 балл2) олимпиадалар және конкурстар жеңімпаздары — 3 балл «Үздік педагог» конкурсына қатысушы = 1 балл»Үздік педагог» конкурсының жеңімпазы = 5 балл»Қазақстан еңбек сіңірген ұстазы» медаль иегері = 10 балл |
9. | Әдістемелік қызметі | -авторлық шығармалары, басылымдары | ҚР БҒМ тізбесіне енген оқулықтар мен (немесе) ОӘК авторы немесе бірлескен авторы = 5 баллРОӘК тізбесіне енген оқулықтар мен (немесе) ОӘК авторы немесе бірлескен авторы = 2 баллБҒССҚЕК, Scopus тізбесіне енгізілген ғылыми-зерттеу қызметі бойынша жарияланымның болуы — 3 балл |
10. | Қоғамдық-педагогикалық қызметі | Қоғамдық-педагогикалық қызметін растайтын құжат | тәлімгер = 0,5 баллӘБ басшылығы = 2 баллЕкі тілде сабақ беру, орыс/қазақ = 2 баллшетел/орыс немесе шетел/қазақ = 3 балл,үш тілде сабақ беру (қазақ, орыс, шетел) = 5 балл |
11. | Курсқа дайындық | — пәндік дайындық сертификаттары; — цифрлық сауаттылық, КАЗТЕСТ, IELTS; TOEFL;DELF сертификаттары;Goethe Zertifikat, «Python тілінде бағдарламалау негіздері» программалары бойынша оқыту, «Microsoft»Курсера жұмыстарына оқытуХалықаралық курстар: TEFL Cambridge»CELTA(Certificate in Teaching English to Speakers of Other Languages)»CELT-P (Certificate in English Language Teaching – Primary)DELTA (Diploma in Teaching English to Speakers of Other Languages)CELT-S (Certificate in English Language Teaching – Secondary)»TKTTeaching Knowledge Test»Certificate in EMI Skills (English as a Medium of Instruction)Teacher of English to Speakers of Other Languages (TESOL)»TESOL»Certificate in teaching English for young learnersInternational House Certificate in Teaching English as a Foreign Language (IHC)IHCYLT — International House Certificate In Teaching Young Learners and TeenagersBecoming a Better Teacher: Exploring Professional DevelopmentAssessment for Learning: Formative Assessment in Science and Maths TeachingOnline Teaching for Educators: Development and DeliveryEducational ManagementKey Ideas in Mentoring Mathematics TeachersКурсы на платформе Coursera, Futute learnTeaching Mathematics with TechnologySpecial Educational Needs»Developing expertise in teaching chemistry « | ПШО, НЗМ, «Өрлеу» курстары= 0,5 баллҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 95 бұйрығына сәйкес тізбеге енгізілген біліктілікті арттыру ұйымдары іске асыратын білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісілген бағдарламалар бойынша біліктілікті арттыру курстары (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30068 болып тіркелген)= 0,5 балл (әрқайсысы бойынша жеке) |
12. | Мемлекеттік білім беру гранты бойынша білім алған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының түлегі, «Дипломмен ауылға!», «Серпін» мемлекеттік бағдарламаларының қатысушысы, Жұмыспен қамту орталығы жастар тәжірибесі бойынша жіберілген педагог | Мемлекеттік білім беру гранты иегерінің сертификаты, келісім-шарты | 3 балл қосылады |
Барлығы: |