Биылғы оқу жылында 10 – сыныпқа қабылданған 113 білім алушының таңдаған мамандықтарына, бағдары мен бейініне сәйкес ата-аналарының өтініштері негізінде барлығы 5 сынып жасақталды. Оның 2-еуі қоғамдық – гуманитарлық бағытта, 3-еуі жаратылыстану – математикалық бағытта.






