Осындай мақсатпен бүгін мектебіміздің түлегі, ҚР ІІМ Қызылорда облысы «Мамандандырылған күзет қызметі» басқармасының тылмен қамтамасыз ету бөлімінің ғимараттық күзету тобының полицейі, полиция старшинасы Жұмабеков Әділхан Молдағалиұлы ұстаздарына алғысын айтып, ізетін көрсетті.
Қыс айында мұз жарылып, суға батып бара жатқан 2 бірдей баланы құтқарған Жұмабеков Әділханды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әскери және қызметтік борышын атқаруда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы, елдің ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін қамтамасыз етуге, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға қосқан үлесін бағалап «Ерлігі үшін» медалімен, сондай-ақ ҚР ІІМ «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен марапаттаған.
Ерлігі мен ұстанымын үлгі етіп, мектеп оқушыларымен кездесу өткізген «Мамандандырылған күзет қызметі» басқармасының «Тәрбие және кадр жұмысы» бөлімінің инспекторы, полиция лейтенанты Тулкибаев Асылбек Ғалымбекұлы еркін сұхбат, тренинг жүргізу арқылы білім алушыларды отансүйгіштікке үндеп, жігерлендірді.






