ҚАЗАҚ ЕЛІ – МЕНІҢ ОТАНЫМ
Көк аспан төрінде қырандай қалықтаған Қазақстан әр азамат үшін қасиетті атамекен, қастерлі Отан.
25 қазан – Республика күніне орай «Қазақ елі – менің Отаным» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Шара барысында Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына қабылдау рәсімі болып өтті. Жас Ұлан ұйымының қатары 92 жасұландықтармен толықты. Мерекелік іс-шара қазақ зиялылары туралы көріністер қойылып, патриоттық әндер шырқалып, мектепішілік ұйымдардың билеріне ұласты.
Тәуелсіздігіміз тұғырлы, егемендігіміз баянды болсын! Республика күні құтты болсын!














