Бүгін Асқар Тоқмағанбетов атындағы мәдениет үйінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысының орынбасары Ашиков Асылхан Аманкелдіұлы мен Қызылорда облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Қали Бектұр Асанханұлының қатысуымен “Адал ұрпақ” ерікті мектеп клубтарының облыстық қауымдастығының VI слеті өткізілді. Слет барысында “Адал ұрпақ” мүшелігіне жаңадан оқушылар қабылданып, төс белгілер тағылды. Шара барысында білім беру саласының өркендеуі жолында адал қызмет етіп, жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі ерен еңбектері үшін ұстаздарымыз Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің және Қызылорда облысы білім басқармасының Алғыс хаттарымен марапатталды. Шараға мектептің «Нұрлы таң» би тобы және «Жас сарбаз», «Адал ұрпақ», «Жас бүркіт», «Қозғалыстың жас инспекторлары», «Жас өрт сөндірушілер», «Жас Ұлан», «Жас қыран» ұйымының мүшелері қатысты.





