«Жасөспірімдердің денсаулығы мен өмірлік дағдыларын қалыптастыру және суицидтің алдын алу»

        Біріккен Ұлттар Ұйымы балалар қоры (ЮНИСЕВ) «Жасөспірімдердің денсаулығы мен өмірлік дағдыларын қалыптастыру және  суицидтің алдын алу» бағдарламасының Қызылорда облысында іске асыру тәжірибесін тарату мақсатында 2021 жылдың 17-22 мамыр аралығында Қызылорда облысында іссапарда болып, мектебіміздің психологиялық қызмет жұмысымен танысты. Педагог – психологтар «Өзіңнің көңіл – күйіңді қуанып,көтере біл» рефреш дәрісін өткізіп, оқушылармен кеңес беру жұмыстары көрсетілді. Ануш Бабаджанян мен Айгул Кадирова жасалып жатқан жұмыстарға оң бағасын беріп,республика көлемінде таратылатындығын айтты.

Facebook   парақшасында оқушыларға, ата аналарға арналған жасөспірімдер арасында суицидалды мінез құлықтың алдын алу, ерте анықтау, мінез ерекшеліктері, отбасы құндылықтары, депрессия, стресстің алдын алуға арналған «Психолог кеңесі» үздіксіз жарияланып отырды және Қалалық психологтар қауымдастығымен бірлесіп жүргізілді.

Жоғарыда көрсетілген жұмыстардың барлығына тәуекел топ және психолог бақылауындағы оқушылар белсене қатысып, үнемі қарым – қатынаста отырды.

Оқушылармен, ата аналармен  жеке сұхбат (телефон арқылы) жүргізіліп отыр. Жасөспірімдердің психикалық денсаулығын қалыпта ұстау басты назарда.

   Барлық ата – аналарға жазғы демалыс уақытында балалардың өмірін сақтау, тиімді өткізу үшін ақыл – кеңестер берілді.