Қызылорда қаласы бойынша білім бөліміне қарасты №144 орта мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметіне МАҚАШЕВ АСЫЛБЕК БАҚЫТБЕКҰЛЫ тағайындалды.
Білімі жоғары. 2000-2004 жылдары Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің «Алғашқы әскери дайындық және дене шынықтыру», 2011 жылы «Болашақ» университетінің «Құқықтану» бакалавры, 2016 жылы АҚ «Нархоз» университетінің «Мемлекеттік және жергілікті басқару», 2020 жылы Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетінің «Педагогика және психология» факультетін бітірген. Педагогика ғылымдарының магистрі.
2004-2005 жылы №211 орта мектепте мұғалім қызметінен бастаған.
2005-2007 жылы Қ.Мұхамеджанов атындағы №1 мектеп-гимназиясында алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі.
2007-2009 жылы №101 орта мектепте директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
2009-2010 жылы қала әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмыстары бөлімінің бас маманы, бас инспектор және қала әкімінің көмекшісі.
2010-2011 жылы қала әкімінің көмекшісі.
2011-2013 жылы Қызылорда қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары.
2013-2015 жылы Қ.Мұхамеджанов атындағы №1 мектеп-гимназиясының директоры.
2015-2016 жылы Қызылорда қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары.
2016-2017 жылы №101 мектеп-лицей директоры.
2017 жылдан бері Ы.Алтынсарин атындағы №10 мектеп-лицей директоры қызметін атқарды.