2024-2025 оқу жылына педагог-ассистент (маусымдық) уақытша бос орнына конкурс жариялайды

КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ !!!

Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Сақтапберген Әлжіков атындағы #144 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2024-2025 оқу жылына педагог-ассистент (маусымдық) уақытша бос орнына конкурс жариялайды.
Конкурс Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығының (ҚР Оқу-ағарту министрінің 15.08.2023 № 259 және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары — Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 16.08.2023 № 343 бірлескен бұйрығымен) талаптарына сәйкес жүргізіледі.

Педагог – ассистент –1 (бір) жүктеме .

(Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V ҚРЗ 30 бап 3 тармағына сәйкес 2 қыркүйек – 25 мамыр аралығы)

  1. Ерекше білім беруге қажеттілігі бар бала
  2. Жеңіл түрдегі зиятының зақымдалуы
  3. Сөйлеу тілінің дамымауының І-ІІ деңгейі.
    4.Мінез-құлық бұзылыстары
    4.Арнайы психологиялық- педагогикалық қолдау

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық, кәсіптік білімі, жұмыс өтіліне талап қойылмайды, тиісті бейін бойынша кәсіптік педагогикалық білімі болуы тиіс.

Лауазымдық міндеттері:
психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның ұсынымы бойынша ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар баланы психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді жүзеге асырады;
балалардың ерекше білім алу қажеттіліктерін бағалау мақсатында мамандар мен педагогтердің командалық бағалауына, сондай-ақ жеке білім беру және дамыту бағдарламаларын құрастыруға қатысады;
білім беру ұйымдарында ұйымдастырылған оқу және өзге де қызмет кезінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға, олардың өзіндік қызметі денсаулық жағдайы мен мінез-құлық ерекшеліктеріне байланысты шектелген жағдайда, көмек көрсетеді, психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетеді;
оқыту, тәрбиелеу және дамыту жұмыстары процесінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар бала туралы деректерді бақылауды жүзеге асырады және жинақтайды, білім беру бағдарламасын меңгеру нәтижелерін, білім беру, әлеуметтік-бейімдеу (мінез-құлық) дағдыларын қалыптастыру серпінін хаттамалауды жүргізеді және баланы оқыту және әлеуметтендіру процесін мониторингтеу үшін тәрбиешілер мен мамандарға ақпарат береді;
ерекше білім беру қажеттіліктері бар баланың өмір сүру қауіпсіздігі мен денсаулығының жағдайларын сақтайды;
белгіленген нысан бойынша есептік құжаттаманы жүргізеді.

Білуге міндетті:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Бала құқықтары туралы конвенцияны», Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы», «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтік медициналық-педагогикалық және түзеу арқылы қолдау туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңдарын және Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың бағыттары;
ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді ұйымдастыру және мазмұны бойынша білім және ғылым саласындағы уәкілетті орган ұсынған әдістемелік ұсынымдар мен нұсқаулық-әдістемелік материалдар;
педагогикалық этиканың нормалары;
еңбек заңнамасының негіздері, ішкі еңбек тәртібінің қағидалары, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар.

Конкурсқа қатысу үшін тапсырылатын құжаттар:
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
1 ) осы Қағидалардың 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2 ) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3 ) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4 ) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5 ) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6 ) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7 ) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8 )наркологиялық ұйымнан анықтама;
9 ) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10 ) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификаты немесе педагог-модератордың немесе педагог-сарапшының немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе айелтс IELTS (IELTS) – 6,5 балл; немесе тойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) сертификаты — 60-65 балл;
11 ) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.
12 ) 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
13 ) тәжірибесі жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы (өзін-өзі таныстыру) ұзақтығы кемінде 10 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.

Кандидат болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік Жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 7 (жеті) жұмыс күн ішінде (16 қазан күні сағат 18.00 ге дейін) «Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша «Сақтапберген Әлжіков атындағы #144 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қағаз және электронды түрде (mektep.144@mail.ru) қабылданады.
Конкурс 2024 жылғы 21 қазан күні Қызылорда облысы білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Сақтапберген Әлжіков атындағы №144 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде өткізіледі.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын лауазымдық міндеттері мен біліктілік талаптары туралы қосымша анықтаманы “Сақтапберген Әлжіков атындағы №144 орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінен алуға болады.

Мемлекеттік білім беру
ұйымдарының бірінші
басшылары мен педагогтерін
лауазымдарға тағайындау,
лауазымдардан босату
қағидаларына
15-қосымша
Нысан
_ Конкурс жариялаған мемлекеттік орган _
(үміткердің Т.А.Ә. (бар болса)), ЖСН
_ (лауазымы, жұмыс орны) _
_ Нақты тұрғылықты жері, тіркелген мекен-жайы, байланыс телефоны Өтініш Мені бос/уақытша бос лауазымдық конкурсқа қатысуға рұқсат беруіңізді сұраймын (қажетінің астын сызыңыз) _
білім беру ұйымының атауы, мекен-жайы (облыс, аудан, қала\ауыл)
Қазіргі уақытта жұмыс істеймін
_ білім беру ұйымының атауы, мекен-жайы (облыс, аудан, қала\ауыл) Өзім туралы келесіні хабарлаймын: Білімі: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейін Оқу орнының атауы Оқыту кезеңі Диплом бойынша мамандық Жүктеу Біліктілік санатының болуы (беру (растау) күні):
Педагогикалық жұмыс өтілі: _ Келесі жұмыс нәтижелері бар:
Наградалары, атақтары, дәрежесі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, сондай-ақ қосымша мәліметтер (бар болса)
__
Мемлекеттік білім беру
ұйымдарының бірінші
басшылары мен педагогтерін
лауазымға тағайындау,
лауазымнан босату
Қағидаларына

16-қосымша
Нысан
Бос немесе уақытша бос педагог лауазымына үміткердің бағалау парағы __
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
№ Өлшем шарттар
Растайтын құжат
Балл сандары
(1-ден 20-ға дейін)
1.Білім деңгейі
Білімі туралы дипломның және дипломға қосымшаның көшірмелері
Техникалық және кәсіби = 1 балл
Жоғары күндізгі = 2 балл
Жоғары күндізгі үздік= 3 балл
Магистр = 5 балл
2.Ғылыми/академиялық дәрежесі
Білімі туралы дипломның және дипломға қосымшаның көшірмелері
PHD-доктор = 10 балл
Ғылыми доктор = 10 балл
Ғылыми кандидат = 10 балл
3.Жұмыс өтілі жоқ үміткерлер үшін сертификаттау
Сертификат
«Педагог» Біліктілік санаты — 5 балл
4.Біліктілік санаты
Жеке куәлік, басқа құжат
Екінші санат = 1 балл
Бірінші санат = 2 балл
Жоғары санат = 3 балл
Педагог-модератор = 3 балл
Педагог-сарапшы = 5 балл
Педагог-зерттеуші = 7 балл
Педагог-шебер = 10 балл
5.Әкімшілік және әдістемелік қызметтегі жұмыс тәжірибесі
Еңбек кітапшасы/еңбек қызметін растайтын басқа да құжат
Әдіскер (лауазымдық жұмыс өтілі кемінде 2 жыл) = 1 балл
Директордың орынбасары (лауазымдық жұмыс өтілі кемінде 2 жыл) = 3 балл
директор (лауазымдық жұмыс өтілі кемінде 2 жыл) = 5 балл
6.Алғаш рет жұмысқа тұрған педагогтер үшін
Білімі туралы дипломның қосымшасы
Педагогикалық/ кәсіби тәжірибенің нәтижелері «өте жақсы» = 1 балл
«жақсы» = 0,5 балл
7.Бұрынғы жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша) немесе оқу орнынан ұсыныс хат
Ұсыныс хат (Конкурсты өз бетінше жариялаған білім беру ұйымы соңғы жұмыс/оқу орны бойынша ұйымға/оқу мекемесіне өтініш жасайды)
Оң ұсыныс хатының болуы = 3 балл
Теріс ұсыныс хатының болуы = минус 3 балл
8.Кәсіби жетістіктерінің көрсеткіштері

  • дипломдар, білім алушылардың олимпиадалар және конкурстар, ғылыми жобалар бойынша жеңімпаздардың грамоталары;
  • дипломдар, мұғалімнің олимпиадалар және конкурстар жеңімпаздарының грамоталары;
  • мемлекеттік награда
    1) олимпиадалар және конкурстар жеңімпаздары = 0,5 балл
    ғылыми жобалардың = 1 балл
    2) олимпиадалар және конкурстар жеңімпаздары — 3 балл «Үздік педагог» конкурсына қатысушы = 1 балл
    «Үздік педагог» конкурсының жеңімпазы = 5 балл
    «Қазақстан еңбек сіңірген ұстазы» медаль иегері = 10 балл
    9.Әдістемелік қызметі
    -авторлық шығармалары, басылымдары
    ҚР БҒМ тізбесіне енген оқулықтар мен (немесе) ОӘК авторы немесе бірлескен авторы = 5 балл
    РОӘК тізбесіне енген оқулықтар мен (немесе) ОӘК авторы немесе бірлескен авторы = 2 балл
    БҒССҚЕК, Scopus тізбесіне енгізілген ғылыми-зерттеу қызметі бойынша жарияланымның болуы — 3 балл
    10.Қоғамдық-педагогикалық қызметі
    Қоғамдық-педагогикалық қызметін растайтын құжат
    тәлімгер = 0,5 балл
    ӘБ басшылығы = 2 балл
    Екі тілде сабақ беру, орыс/қазақ = 2 балл
    шетел/орыс немесе шетел/қазақ = 3 балл,
    үш тілде сабақ беру (қазақ, орыс, шетел) = 5 балл
    11.Курсқа дайындық
  • пәндік дайындық сертификаттары;
  • цифрлық сауаттылық,
    КАЗТЕСТ,
    IELTS;
    TOEFL;
    DELF сертификаттары;
    Goethe Zertifikat, «Python тілінде бағдарламалау негіздері» программалары бойынша оқыту, «Microsoft»
    Курсера жұмыстарына оқыту
    Халықаралық курстар:
    TEFL Cambridge
    «CELTA
    (Certificate in Teaching English to Speakers of Other Languages)»
    CELT-P (Certificate in English Language Teaching – Primary)
    DELTA (Diploma in Teaching English to Speakers of Other Languages)
    CELT-S (Certificate in English Language Teaching – Secondary)
    «TKT
    Teaching Knowledge Test»
    Certificate in EMI Skills (English as a Medium of Instruction)
    Teacher of English to Speakers of Other Languages (TESOL)
    «TESOL»
    Certificate in teaching English for young learners
    International House Certificate in Teaching English as a Foreign Language (IHC)
    IHCYLT — International House Certificate In Teaching Young Learners and Teenagers
    Becoming a Better Teacher: Exploring Professional Development
    Assessment for Learning: Formative Assessment in Science and Maths Teaching
    Online Teaching for Educators: Development and Delivery
    Educational Management
    Key Ideas in Mentoring Mathematics Teachers
    Курсы на платформе Coursera, Futute learn
    Teaching Mathematics with Technology
    Special Educational Needs
    «Developing expertise in teaching chemistry «
    ПШО, НЗМ, «Өрлеу» курстары
    = 0,5 балл
    Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 95 бұйрығына сәйкес тізбеге енгізілген біліктілікті арттыру ұйымдары іске асыратын білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісілген бағдарламалар бойынша біліктілікті арттыру курстары (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30068 болып тіркелген)
    = 0,5 балл (әрқайсысы бойынша жеке)
    12.Мемлекеттік білім беру гранты бойынша білім алған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының түлегі, «Дипломмен ауылға!», «Серпін» мемлекеттік бағдарламаларының қатысушысы, Жұмыспен қамту орталығы жастар тәжірибесі бойынша жіберілген педагог
    Мемлекеттік білім беру гранты иегерінің сертификаты, келісім-шарты
    3 балл қосылады
    Барлығы: