?Мектепке дейінгі балалар меңгерген білім, дағды, машықтарын әрі қарай жан — жақты дамыту үшін қарым — қатынас орнату, мектеп пен мектепке дейінгі ұйым арасындағы сабақтастықты нығайту мақсатында «Сыр дидары», «Сыр жұлдызы» балабақша тәрбиешілері мен 1- сынып жетекшілері кездесті.
?Тәрбиешілер бүлдіршіндердің балабақшада болған жылдардағы дағдылары,қабілеттері,не нәрсеге бейім екендіктерін айтты.
?Сынып жетекшілер оқу процесіндегі балабақшадан келген балалардың динамикасы туралы таныстырып өтті. Бастауыш сынып мұғалімдері өз тәжірибелерімен бөлісті.
?Мұғалімдер мен мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілері арасында қарым — қатынасқа толы жағымды кездесу болды.









