КҮЗДЕН ӘДЕМІ ЕСТЕЛІК

Сақтапберген Әлжіков атындағы 144 орта мектебінде мектеп тәлімгері Э.Сметованың ұйымдастыруымен «Күзден әдемі естелік» тақырыбында 5-7 сынып оқушылары арасында қашықтықтан байқау өтті. Байқау мақсаты- жас ұрпаққа қоршаған ортадағы түрлі құбылыстарды және күз кереметтілігін нақты айқындап ашуға, табиғатты сүюге, сақтауға үйрету. Байқау қорытындысы бойынша 6 «3» сыныбы «Бас жүлде» иеленсе, I дәрежелі дипломмен 5 «Е» , 5 «К», 5 «З», 6 «Д» сыныптары марапатталды. Қашықтықтан ұйымдастырылған байқауда марапатқа ие болған оқушыларды шын жүректен құттықтаймыз.