КИБЕРБУЛЛИНГ НЕМЕСЕ ТЕЛЕФОНҒА ТӘУЕЛДІЛІК

Сақтапберген Әлжіков атындағы №144 орта мектебінде ZOOM платформасы арқылы мектеп психологтары Л.Палманова және Б.Сейтханова мектеп оқушылары арасында «Кибербуллинг немесе телефонға тәуелділік» тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Қашықтықтан оқыту кезінде оқушылардың барлығы дерлік әлеуметтік желілерді қолданады. Оңы мен солын танып үлгермеген балалар мен жасөспірімдер үшін ата-аналардың қадағалауынсыз интернет, әлеуметтік желілерді қолданудың өзіндік қауіптілігі бар. Солардың бірі — кибербуллинг. Кибербуллинг – адамды интернетте, әлеуметтік желі мен түрлі мессенджерлерде қорқытып, зорлық көрсету. Кибербуллингке кез-келген адам тап болуы мүмкін. Кибербуллингтен сақтану, психологиялық көмек беру мақсатында өткізілген кездесуде «Ана мен бала карантинде қандай психологиялық проблемаларға ұшырауы мүмкін?», «Бала онлайн сабақ кезінде кибершабуылға тап болмай ма?», » Мұндай жағдайдан сақтану үшін не істейміз? » деген сұрақтар төңірегінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Кибершабуылға кез болған жағдайдағы сақтану жолдарына тоқталды.