2020-2025 жылдарға арналған «Оқитын мектеп» жобасы

2020-2025 жылдарға арналған «Оқитын мектеп» жобасы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы аясында ҚР Білім және ғылым министрлігі орта білім саласында «Оқуға құштар мектеп» жобасын қолға алды. Осыған орай, мектебімізде үлкен іс-шаралар өткізу жоспарланып жүргізілуде. Сонымен бірге, жобаны одан әрі республикалық деңгейге дейін көтеріп, дамыту үшін тек қана оқушыларды емес, барлық мектеп қызметкерлерінің кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Оқитын мектеп» жобасы жұмысы да жүргізіліп келеді. Жоба аясында мектепте жұмыс жасайтын барлық қызметкерлер, мұғалімдер, оқушылар қойылған белгілі бір уақыт аралығында өздеріне қызықты түрлі авторлардың кітаптарын оқитын болады.
Мектебімізде 10:25-10:40 және 16:25-16:40 уақыт аралығы кітап оқу уақыты болып белгіленген.