Бүгінгі таңда инклюзивті білім беруді қолдау бағытында жалпы білім беретін мектептерде белгілі себептермен ақыл-ой дамуында ауытқуы бар немесе психикалық дамуы тежелген оқушылар білім алуда. Әр оқушының білім алуда өз ерекшеліктері бар. Мәселен әр оқушының эмоционалдық және таным процестерінің даму деңгейі әртүрлі. Десек те қазіргі таңда әр оқушыға жеке тұлға ретінде қарап саналы тәрбие мен сапалы білім беру өмір талабы. Осы ретте мектебімізде Жол картасы аясында жаңа заман талабына сай дефектолог кабинеті жабдықталып, қолданысқа берілді. Кабинетте мектепте отырған және үйден оқитын ерекше білімді қажет ететін оқушыларға түзету сабақтары, дене дамыту жаттығулары, логоритмика, тренингтер мен түрлі релаксациялық жаттығулар үздіксіз жүргізіліп отырады.