Театр life жобасы
«Білімнің кілті –кітапта, оған қол жеткізу үшін кітап оқудан талма» деп Хакім Абай насихаттағандай оқушыларымыз мектеп кітапханасымен тығыз байланыста.Білім саласының жаңашыл жобалары « Оқуға құштар мектеп» пен «Мектеп театры» жобасы білім ордамыздың оқу процесінде үздіксіз ұйымдастарылып келеді.Оқушылар өздері оқыған әдеби шығармалардың желісі бойынша «Театр-сиқырлы әлем» тақырыбында 1-4 сыныптар арасында көлеңкелі театр,сахналық қойылым , мюзикл (музыкалық) қойылым, ертегілерден үзінділер сахналады. Қойылымдар мектеп акт залында декоративті безендірілумен қойылды.Қойылымды тамашалауға мектеп әкімшілігі,ата-аналар ,оқушылар мен ұстаздар келді.Оқушылыр қойылым қою барысында актерлік шеберліктерін көрсете алды.
Мектептегі театр әрекеті – бұл баланың шығармашылық әлеуетін ашуына, тұлғаның шығармашылық бағытын тәрбиелеуге жақсы мүмкіндік. Ертегі арқылы бала әлемді оймен ғана емес, жүрекпен сезеді. Сезіне ғана қоймай, адалдық пен зұлымдыққа өз көзқарасын көрсете біледі.
Театрлық әрекет балаға әр-түрлі кейіпкерлердің атынан көптеген проблемалық жағдайларды шешуге көмектеседі. Бұл- өз-өзін қорғаудыүйретіп, жасқаншақтық пен ұялшақтықты жеңуге көмектеседі.
Театрлық әрекеттің балаға әсер ететін тиімді әдістерінің бірі- онда оқыту ұстанымы – ойнап оқыту – өте жарқын көрсетіледі.
Балалар айналадағы әлемнің қызықты идеяларын байқап, оларды іске асырып, өзіндік кейіпкердің көркем бейнесін жасауға үйренеді, оларда шығармашылық қиял, ассоциативтік ой, күнделікті ерекше сәттерді көре білуі дамиды.
Сондықтан «Мектеп театры» жобасы жалғасын тауып ,оқыту процесінде үздіксіз ұйымдастырыла бермек.
Көлеңке театры ол белгілі бір құрудан тұратын оптикалық эффектілер . Көлеңкелі театрды дамыту үшін шам немесе жарықтандырудың басқа көзі және тегіс таза бет (мүмкін қабырға немесе экранға ) қажет.
Сіз қолдарды немесе қуыршақтарды көлеңкелі қабырғаға немесе экранға түсетіндей етіп шамның алдына қойыңыз. Қолдар мен қозғалыстардың позициясына сәйкес фигураларды жасай аласыз: жануарлар, адамдар және т.б.
Сахналық қойылым – сахналық өнердің өмір көріністерін драмалық әрекет арқылы көрермендердің көз алдында актерлер күшімен бейнелейтін бір түрі.
Мюзикл – музыкалық-театрлық сахналық жанр, музыкалық, драмалық, хореографиялық ғана емес, опералық өнерді біріктіретін шығарма мен спектакль. Ағылшынша «мюзикл» термині «музыкалық комедия» деген сөздің қысқартылғанына қарамастан, ол трагедия, фарс немесе драма болуы мүмкін.